Талантты лузер:(

Баяғыда бір кедей бірақ талантты суретші қалталы суретшіге ашуы келіп, “Осы сенің суреттерің неге өте береді? Сен конъунктурщиксің ғой, халықтың қалауын білесің…”-депті. “Ал менікін бес тиынға да сатып алмайды!” деп ашуланыпты. Талантты лузерге жаны ашыған дарынсыз суретші “әкел бері, көрсетейін!” депті. Сөйтіп суретінің түбіне жап-жасыл иттің суретін салып қойыпты:))))))))))))))

“Ал, енді мына суреттіңді мен қазір он есе қымбатқа сатамын”- депті. Әлгі суреттегі жасыл ит көздің құртындай, еш жараспай тұрады пейзажды құртып, бірақ дарынсыз конъюктурщик суретші күліп, өз -өзіне сенімді болып тұрады. Бір кезде бір шал келіп, “Қарағым дәл осындай суретті анау жасыл итіңді қоспай салып берсең, суретіңді айтқан бағаңа аламын!” депті.

Осыны көрген талантты суретші келесі күннен бастап, барлық суреттерінің екі вариантын салатын болыпты, біреуінде жасыл иті бар, біреуінде жасыл иті жоқ. Бірақ саудасы тағы жүрмепті.

Жан-тәнін салып түнімен көзінің және басқа мүшелерінің майын тамызып жазған еңбектері – көк тиынға да бағаланбапты.

Мораль 1: Арақты азырақ ішу керек.
Мораль 2: Қанша керемет ән салсаң да, аузыңды таңертең-кешке жуып тұрған жөн.

3 жауап to “Талантты лузер:(”

  1. aselhan Says:

    Әйтеуір күліп алдым!

  2. есалаң Says:

    тағы бір мемуарыңды шырамытып тұрмын ептібайымайд

  3. Gastarbaiter Says:

    Маған бәрібір ғо, не шырамытсаң да, бірақ бұл ел аузынан алынған әнек


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: