
- Біреуге көтқұман болу – мәймөңке болу
- Бұралық сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме (мәтел) – Әңгіме-өсекке мән бермеймін
- Көті тұрмады – Бата алмады, қорқып қалды
- Көтіне қыстырмау – Елемеу
- Көтінде жоқ, көсеумен қамшылайды – Өзінде жоқ нәрсемен мақтану
- Көтергені құрсын-ау, көтіме қолын тыққан соң — Бүйткен көмегі құрысын, міндетсінетін болсаң.
- Ол үшін де көт керек, көтке бес келі ет керек – Ол үшін де өжеттілік пен ұятсыздық керек. (наглость)
- Бір көттен шыққан — аталас бауыр
- Көті бөлек — туыс емес
- Көтен төлеу — артық төлеп қою, артық шығынға ұшырау
- Көтен ақы — жезөкшелердің табысы
- Көңіл сыйса, көт де сыяды – Сығылысып отырғанда айтатын сөз
- Көті бүрісу — қорқып отыру
- Көт терлету — ауыр еңбекпен айналысу
- Көтін ашып күлу — табалау
- Көтінен бал ашу — жалған болжам жасау
- Көті қышу — Әлденені бүлдіргісі келіп мазасы қашу
- Көргенді көттеген жеңеді – ақылдыны ұрысқақ жеңеді
- Көтінен боғы ағу — салақтық таныту
- Көптің бірі, көттің кірі — қоғамға пайдасы жоқ, сұр өмірін сүріп жүрген ортастатистикалы азамат.
- май көтен адам — ақ саусақ, (аттан түспейтін) компьютерден/телевизор алдынан/диваннан көтін көтермейтін адам.
- Көтіңе кірді ме? – саған нендей зияны бар?
- Көтке кіру — жағымпаздық
- Көтіңе кіріп, аузыңнан шығатын адам — бауыр етіңе кіріп кететін, жағымпаз
- Көтіңе шиқан шықсын! — қарғыстың бір түрі (мысал:”осырған адамның көтіне шиқан шықсын!”)
- Төсін берген әрі жат, көтін берген бері жат — анасын елемей қатын соңында кеткендерге айтылады
- Көтін қарату — теріс айналу
- көтін керу:
1 мағнасы: дұрыс емес жігітті сойып кету
2 мағнасы-билігі бар адамның шалқаюы - Көтіне қазық қағу — анальды жазаның бір түрі, қазір тек ауыспалы мағынасында қолданылады
- көт айналып шыға алмау – айналшықтап қалу
- Көтінен кейін жүру – теріс жүру, артқа тарту, керісінше жасау
- Көтіне тар келу— қанағатсыз болу, азсыну
- Көтіне көпшік қою— қолпаштау, қолтығына су бүрку, мақтау
- Көтінің жүні қалың— “көкелері” дөкей, артында қорғаушысы мықты
- “Көтеу болғыр” — қарғыс түрі
- “Басыңнан көтің ассын!” — айтқанға көнбесең аулақ жүр!
- Көтіне тығу — сараңдықпен бермей қою, (орысша “зажать”)
- Көті ойнау — қорқып кету (сонымен қатар, “көті дірілдеу/қалтырау”)
- Көттасақ адам- көтпен қатар жүретін тасақ құсап, біреудің соңынан қалмайтындар жайлы. (с) Әбіләкі
- Көзім көрмесе, көтімді бөрі жесін — Не болса ол болсын, маған қатысты болмаса болды. Яғни “сен тимесең мен тиме бадырақ көз!” дегенге келеді.
- Көтті саған кім берді? — Саған ондай мәртебені кім берді? Қандайхақың бар?
- Көңілсізден көтсіз туады — Әкесіне/шешесіне баласы сай (жаман мағынада)
- Көтті қысу — үндемей қалу, тынышталу, жөнімен жүру
- Көті қысқа — сенімсіз, шешімге келе алмайтын.
- Қу көт — бедеу (әйел)
- Көтің қурап қалсын! — бедеу болғыр (әйелге қарсы қарғыс)
- Көтін шұқу — тиісу, түртпектеу (мыысалы: Тыныш отырған бүркіттің көтін шұқып үркіттің)
- Көті ашылды — жаман/ұятты ісі, қылмысы аян болды
- Көт жалау — (“көтке кіру” ді қараңыз)
- Көтін жырту — 1) Аямай сазайын тарттыру, 2) Қиналу, (мыс. Көті жыртылғанша айқайлау, 2-ші мыс. “Неменең көтіңді жыртып отырсың, өздері-ақ шешеді)
- Көтін айыру — Жазалау, быт-шытын шығару
- Көті сезу — интуция арқылы сезу,
- Есектің көтін жу да, мал тап — Адал еңбекпен табыс табудан намыстанба.
- Көтіне қарау – өз шамасын білу, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау;
- Көтіне қызыл бұрыш кіру —зыр жүгірді, қарбаластықтан немесе қорқыныштан тез әрекет жасау
- Иттің көтіне — бекерге (мыс. 20 жыл өмірім иттің көтіне!)
- Көті жер искемеу — демалмау, шапқылау
- Көті күю — 1) ызалану, ашулану 2) опық жеу
- Көтсіз, бос көт — қорқақ, ез
- Көтт құрттаған — ісі шала, артында қылмысы, ұятты ісі бар
- Көті алтын ба еді? — Елден жоғары ме еді? Көптен артық па еді?
- Ұрының көті қуыс — Ұры әрқашан да сезікті, қорқақ болады
- Күштінің көті диірмен тартады —Қуатты адамның мүмкіндігі көп деген мағынада.
- Тұлпардың тері кеппес, сұлудың көті кеппес — Жақсы дүние бос жатпайды, немесе жақсыға бәрі ынтық деген мағынада.
- Құл құтырса құдыққа қармақ салар, күң құтырса көтіне бармақ салар — тез көтерілген адамның есіруі жайлы
Пайдаланылған ресурстар:
Сәуір 29, 2011, 12:34 pm
Онбагандар, уялмайсындар ма? Сендерди де казактын баласы дейди ау
Сәуір 29, 2011, 2:23 pm
Шопағымды жемеш. Бұл сөздер сен түгіл сенің атаң тумай турып пайда болған. Ұнамаса оқыма нақ.
Қазан 7, 2011, 8:23 pm
-ойбай,шеше,жыртты ғой…шүберекпен сүртті ғой1-жылама,қызым,жылама,әкең де мені сүйтті ғой1
Мамыр 4, 2011, 3:52 am
тагы бир соз косып жиберейнш котке байланысты
көті ауыр – жолы болмагыш
Мамыр 4, 2011, 4:12 am
Біздің жақта Аудан деген кісі болған. сол кісі бір отырысқа кешігіңкіреп келіпті.
Аудеке, көрпеге отырыңыз-деп көрпе ұсынған жігітке
-көрпеңді қайтем көтімнің жүні көрпедей-деген екен.
Қыркүйек 20, 2011, 11:28 am
Еріккен сарт енегін уқалайды
Қазан 5, 2011, 10:34 am
Сүйекті жұтудан бұрын көтеніңмен ақылдас!
Қазан 9, 2011, 10:08 am
ТЫШҚАН КӨТІН КӨРІП ЖАРАЛЫ БОЛЫПТЫ
Қазан 9, 2011, 10:32 am
КӨТІНІҢ БАСЫНА ҚАРАҒАН-СҮМІРЕЙГЕН
Қазан 9, 2011, 11:00 am
ТОҢҚАЙТЫП ҚОЙЫП,ЕКІ БҰТЫН ТАЛТАЙТЫП ҚОЙЫП ,АУЗЫН АҢҚАЙТЫП ҚОЙЫП,ЖАУЫРЫНЫН ЖАЛПАЙТЫП ҚОЙЫП ,БАСЫН ҚАЙҚАЙТЫП ҚОЙЫП…АРТЫНАН БІР ТЕПТІМ ! ОБШЫМ,КӨЗІНЕ КӨК ШЫБЫНДЫ ҮЙМЕЛЕТІП ,ЕКІ АЯҒЫН БІР ЕТІККЕ ТЫҒЫП,КӨТЕНІНЕ ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ ҚЫСТЫРЫП,ҚАЛБЫР БАЙЛАП,ИТ ТЕРІСІН БАСЫНА ҚАПТАП ЖІБЕРДІМ.
Қазан 24, 2011, 5:51 am
еріккен қатын емшегін уқалайды, еріккен еркек енегін уқалайды.
Сәуір 17, 2012, 9:49 am
жыныстық қатынаста болғысы келетін қыздар хабарласындар.87751559869
Сәуір 17, 2012, 12:46 pm
Секспен айналысқысы келетін әйелдер мен қыздар болса хабарласындаршы.15-40 жас аралығында.nau_96@mail.ru,тегін